Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны өсуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары енгізілді.
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру;
вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;
жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.
10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.
Санитарлық дәрігерлер адамдар көп жиналатын жабық мекемелерде (СОСО, сауда орталықтары, жабық базарлар, ХҚКО, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендермен өтетін спорттық іс-шаралар, конференциялар және т.б.) маска тағуды ұсынады.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны артып келе жатқаны хабарланған болатын. Өткен тәулікте (12 шілде) 482 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда ең көп науқас анықталды.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы «сары» аймақта орналасқан.
Әзірге «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.