ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынау оқиғасына түсініктеме берді

ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі Қазақстанда вакцинаны адамдарға сынау туралы жоспары жоғын мәлімдеді. Түсініктемелер Тараз тұрғындарына ықтималар эксперименттер туралы ақпарат таратылғаннан кейін берілді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда адамдарға ешқандай вакцина сынағын жүргізбейтінін және ондай жоспары жоқ деп мәлімдейміз.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен ДДСҰ қызметі туралы материалдарды дайындау кезінде және шынайы ақпарат алу мақсатында Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесіне хабарласуларын сұраймыз», — деп жазды ұйымның Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін вакцина Тараз қаласының тұрғындарына сыналатыны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланған болатын. Сюжеттердің бірінде сынақтардың ерікті болатыны, ал алғашқы болып өткендерге 200 мың теңгеден төленетіні хабарланды.

Айта кетейік, әлемдегі коронавирус жағдайларының саны 26 қарашадағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша 60 миллионнан асты.

Сонымен қаттар, ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебреисус коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі туралы соңғы ақпарат коронавирус пандемиясын тоқтатуға болады деп үміттенуге негіз береді деп мәлімдеді.

Добавить комментарий