«Алматы — біздікі» деп оқ атқан видеодағы адамның жеке басы анықталды

Алматы полициясы «Алматы — біздікі» деген видеодағы басты кейіпкерді ұстады. Ол Алматыдағы құрылыста жұмыс істеген Қызылорда облысынан келген сантехник болып шықты. Ұсталғаннан кейін жас жігіт алматылықтардан кешірім сұрады.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел түрде Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

«М. мырзаның Розыбакиев көшесіндегі салынып жатқан нысанда сантехник болып жұмыс істейтіні анықталды. Оның қолынан травматикалық тапанша болған, ол оның тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленд», — делінген хабарламада.

Ұсталушының айтуынша, өзінің әрекетінің себебі — әлеуметтік желілерде танымал болуға деген ұмтылыс.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұсталған адам көпшіліктен кешірім сұрады.

Бұған дейін желіде жігіт әртүрлі қарудан оқ атып, «Алматы — біздікі» деген бейнебаян пайда болған.

Добавить комментарий