Испанияда ел конгресінің төрағасы Меритчел Батет Қазақстанның Испаниядағы елшісі Константин Жигаловты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар өзекті халықаралық мәселелерді және стратегиялық әріптестік арнасындағы екі жақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Елші мен М.Батет Испания мен Қазақстан басшылығы экономиканы тұрақтандыру, оны қайта құру және пандемия және посткоронавирустық кезеңде ынталандыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты. Осыған байланысты Қ.Жығалов испан Конгресінің спикерін Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, оның сөйлеген сөзінің испан тіліне аударылған кітапшасын берді.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Испаниядағы ішкі саяси ахуал туралы, екі ел парламенттерінің пандемия жағдайындағы жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті, парламентаралық ынтымақтастықты жалғастыруға, оның ішінде эпидемиологиялық ахуалды қалыпқа келтіргеннен және қазақстан-испан парламентаралық достық тобын қалыптастырғаннан кейін жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу желісі бойынша да дайын екендіктерін білдірді.
Жаһандық мәселелерді талқылау аясында Қ.Жигалов пен М.Батет БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпы саяси пікірталастарын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Елші Конгресс басшысын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің негізгі ережелерімен таныстырды.
Атап айтқанда К.Жигалов сұхбаттасушының назарын қазақтың ұлы ойшылы Абайдың адамзатқа керегі сүймек, сезбек, кейімек, қарекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек деген парасаттылық пен даналыққа толы сөздеріне аударып, ол ақын үшін ғаламдық өзара әрекеттесудің жемісті формуласы болғанын жеткізді.
ЮНЕСКО-ның аясында 175 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқан қазақтың ұлы ағартушысының дана сөздерінен терең әсер алған М.Батет оларды бүгінгі күнге дейін бүкіл адамзат үшін өте өзекті деп атады.
Кездесу соңында Қ.Жигалов мәдени-гуманитарлық саладағы жемісті екіжақты ынтымақтастықты атап өтіп, М.Батетке жақында испан тіліне аударылған «Абай» кітабын автордың өлеңдерімен және «Қара сөздерді» сыйлады. Испанияда қазақстандық проза мен поэзия антологиясының Сервантес тіліне аударылуы үлкен ризашылықпен қабылданды.