Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы базарлар мен сауда орталықтарында екпе пункттерін ашуды жоспарлап отыр. Препараттың жетіспеушілігі жағдайында бұл қаншалықты дұрыс шешім? Сұрақ әзірге жауапсыз қалып отыр.
Қала емханаларында 35 екпе кабинеті жұмыс істейді, вакцина салуға арналған қосымша 15 пункт жекеменшік медициналық орталықтарда ашылады.
Алматыда қала тұрғындарын сауда үйлері мен базарларда вакцинация жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали.
«Қазір қала ауруханаларында 35 екпе кабинеті жұмыс істейді, оның ішінде қосымша тағы 15 кабинет жеке медициналық орталықтарда ашылады. Сондай-ақ, біз сауда үйлерінде, базарларда халықты вакциналау мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселені біз өзіміз халыққа шығу үшін пысықтап жатырмыз», — деді Лаура Мырзағали.
Ол қазір базарда вакциналау бойынша ұсыныс ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп талқыланып жатқанын айтты, екпе пункттері ашылатын орындар анықталуда.
Спикердің айтуынша, бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі белгілеп берген адамдарға вакцинация жүргізілуде: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, балабақша қызметкерлері, студенттер, диспансерлік есепте тұрған науқастар. Ақпан айында қалаға вакцинаның 1750 дозасы, наурызда — 10 800 доза жеткізілді.
«Наурыз айында үшінші траншты алдық — 16 200 дозаның 3 200 дозасын алдық. Сәуір және мамыр айларында 65 200 доза вацина, маусым айында 67 000 доза келеді деп күтіп отырмыз», — деді Лаура Мырзағали.