Алматыда Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимаратта басы кесілген әйелдің денесі табылды.
12 сәуір күні таңғы сағат 08:40-та 102 пультіне аталған оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталғаннан кейін жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, әйелдің басы кесілгенін анықтады. Марқұм 1976 жылы туған әйел, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған болып шықты. Біраз уақыт өткен соң, әйелдің басы қылмыс орнына жақын маңдағы сауда орындарының бірінен табылды.
Қылмыстық іс Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелді және полиция қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтау үшін жедел іс-шаралар кешенін жүргізуде.
ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етуге жатпайды.