Кәуаптың етін ұрлағаны үшін 7 жыл берілуі мүмкін

Кәуап етін ұрлаған астаналық ұсталып, УҰИ-ге қамалды. Бұған дейін күдіктінің адам жоқ кезде кафенің есігін бұзып кіріп, маринадталған еттің қорабын ұрлағаны хабарланған болатын.

Ол өзіне назар аудартпау үшін ұрланған етті көрші кафеге қалдырып кеткен. Кейін қайтып оралып, базарда қолды қылған олжасын сатпақ болды.

Келтірілген залал көлемі 45 мың теңгеге бағаланды. Елорда тұрғыны бұған дейін де көлік ұрлағаны үшін сотталған. Бұл жолы ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы ДП баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова :

«Аталған факті бойынша ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды».

Добавить комментарий