Алматы: Қалалық полиция департаментіне шабуылдағандар ұсталды

Ашық ақпарат көздерінен жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде 6 қаңтарда Алматы қаласы Полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталғаны белгілі болды.

Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бейнекамералардағы деректер мен ұсталғандардың айғақтарына алға тарта отырып, ғимаратқа шабуыл нақты жоспарланып, ұйымдастырылғанын атап өтті. Ал бұған әскери киімдегі жақсы дайындалған, қарулы содырлар жұмылдырылған.

Мен Төле би көшесінің бойымен келе жатып, Брусиловский көшесінің бұрышына жақындадым. Сол кезде алдымнан бір топ адам шыға келіп, мені тоқтатты. Олар мемлекеттік нөмірді шешіп, жүк салғышқа салуымды бұйырды. Маған халықпен бірге жүруді талап етті. Мені соғып, көлігімді зақымдаймыз деп қорқытты. Алаңды жүріп, не болып жатқанын телефоныммен видеоға түсірдім. Төбелес пен атысқа қатыспадым. Сосын бәрі ІІД-ге қарай бет алды. Әскери киімде және сақалды 25-30-ға жуық адам келді. Олардың ұлты басқа, қазақтар емес, қазақша сөйлеспеді. Тек өз тілінде сөйлесіп, шахидтер туралы айтып, «Аллаһу Акбар» деп айқайлап оқ ата бастады. Оларда түрлі автоматтар мен гранаттар болды, — дейді жаппай тәртіпсіктерге қатысушы.

Добавить комментарий