Альберт Линдердің ісі жабылды

Зілтемірші Альберт Линдердің өзін-өзі өлтіру ісі бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық құрамын таппағандықтан іс жабылды.

Альберт Линдер өз-өзіне қол салғаннан кейін «Өз-өзіне өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес «әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты» іс тоқтатылды.

«Істің жабылғаны туралы хабарламаны 19 қарашада алдым. Олар екі айдан астам уақыт созып, соңында қағаз жіберді. Мен тергеушіге қоңырау шалып, жала жабу туралы құжаттардың неге қаралмағанын сұрадым. Ол бұл мәселе келісіліп жатқанын айтты. Әлі күнге дейін келісіп жатыр», — деді марқұмның анасы Наталья Линдер.

Ол Олимпиаданың қола жүлдегерлері Карина Горичева мен Игорь Сон, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Зелімхан Әбубәкаровтердің куәлік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, құраманың бұрынғы аға жаттықтырушысы Сергей Седовпен жауап алынды.

«Бетпе-бет жауап алу кезінде қай зертхана допинг-бақылау жүргізгенін, Альберттен алынған допинг нәтижесі «лас» болғанын қайдан білгені туралы сұрақ қойылды. Седов бұл туралы Альберттің өзі айтты деп жауап берді. Сондай-ақ, ол бақылау бейресми жасалғанын, Альберттен қай зертхана тест алғанын есінде жоқ екенін айтты», — деп түсіндірді ол.

Наталья Линдер «Жала жабу» бабы бойынша арыз жазды, себебі қыркүйек айында Седов берген сұхбатында Альбертте Рио Олимпиадасының алдында допинг-тест бойынша мәселелер басталғанын мәлімдеді. Ұлттық допингке қарсы орталықтың құжатында 2013-2018 жылдар аралығында Альберт Линдер 29 сынама тапсырғаны және оның барлығы таза болғаны айтылған.

Добавить комментарий