Синоптиктер алдағы үш күн ауа райы қандай болатынын айтты

2021 жылғы 31 тамыз-2 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Атлантика аудандарының суық антициклоны, шығыс бағытта жылжуын жалғастырады. Сондай-ақ антициклонның әсерінен еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы салқындайды.

Термометрлер күндіз: солтүстік пен шығыста 10-20 жылыға дейін, ал оңтүстік-шығыста 20-28 жылыға дейін төмендейді. Түнгі уақытта Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

2 қыркүйекте Батыс аймақтарға Баренц теңізі аудандарынын циклоны әсер ете бастайды, олармен бірге жаңбыр, найзағай және жел күшейеді.

Добавить комментарий