Қалай тез ұйықтап, сергек оянуға болады: сарапшының кеңесі

Америкалық невролог-ғалым, ұйқы маманы ұйқы қанық болу үшін қалай дұрыс ұйықтау керек екенін айтып берді.

Оның аты-жөні Крис Уинтер, ол ұйқының бұзылу себептеріне арналған кітап жазды, және тез ұйықтап, сергек оянғысы келетіндерге бірнеше кеңес берді. Бұл туралы Men’s Health басылымы жазады.

Маман ұйқысыздыққа ұшыраған адамдарға жатын бөлмедегі температураны бірнеше градусқа төмендетуді ұсынды. Оның айтуынша, салқын ауа температурасы тез әрі ұзақ уақытқа ұйықтауға көмектеседі.

«Егер жақсы матрас, жұмсақ жастық, жоғары сапалы матадан тігілген пижаманы сатып алсақ, ұйқысыздықтың кез-келген проблемасын шешуге болады деген пікір бар», — дейді Уинтер. Оның айтуынша, бұл шындығында олай емес.

Уинтер ұйқыны жақсартуға арналған бірнеше әдістерді айтты: дене жаттығулары, ішімдікті ішуді қысқарту, медитация. Бұдан басқа, ұйықтау мен оянудың тұрақты бір уақыты болған жөн. «Тұрақты ұйқы кестесінің болуы миға ұйқы уақытын түсінуге көмектеседі», — деп түсіндіреді сарапшы.

Бұған дейін гонконгтық диетолог Салли Ши-По Поон дұрыс тамақтану арқылы ұйқыны қалай жақсарту керек екенін айтқан болатын. Ол кешке қарай бір-екі киви жеуге кеңес береді. Оның айтуынша, ұйқтар алдында бір сағат бұрын бұл жемісті жеу тез әрі ұзақ уақыт ұйықтауға және түнгі уақытта сирек оянуға көмектеседі.

Добавить комментарий