Африкада жаңа ИМ халифаты құрылуы мүмкін

БҰҰ Африка аумағында жаңа ИМ халифаты пайда болу қаупі барын мәлімдеді.

Африкада лаңкестік қауіптің өршуі құрлықтың «Ислам мемлекетінің» (ИМ, террористік ұйым, ҚР-да тыйым салынған) жаңа халифатына айналуына алып келуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Мартин Эви БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Yahoo порталы.

Оның айтуынша, кем дегенде 20 африкалық ел экстремистік топтармен бетпе-бет келді, ал басқа 20-дан астам мемлекет «логистика мен қаражатты және басқа ресурстарды жұмылдыру үшін пайдаланылуда». «Енді олар Африкадағы тұрақсыздық дәлізіне айналған аймақтық тораптар болып табылады», — деді Эви.

Добавить комментарий