Вашингтон Украинаның бір бөлігі РФ құрамына кіретін болса, шара қолдануға уәде берді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38780-1663746453-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Вашингтон Ресейдің құрамына Украина аумағы кіретін болса, бұған қатысты шаралар қолдануға ниетті.

АҚШ билігі Украинаның бір бөлігі Ресейдің құрамына кірген жағдайда одақтастарымен санкцияны күшейту бойынша жұмыс істейтін болады, деп уәде берді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан.

Оның айтуынша, әңгіме Украинаның егемендігіне нұқсаь келтіру туралы болып отыр. Салливан АҚШ бұл жөнінде бірнеше ай бойы ескертіп келгенін атап өтті.

Ақ үй өкілінің айтуынша, РФ құрамына қосылу туралы референдумдар халықаралық қатынастар жүйесінің негізінде жатқан және БҰҰ Жарғысы тұрғысынан маңызды рөл атқаратын егемендік пен аумақтық тұтастық қағидаттарына қайшы келеді.

Сондықтан, Салливан, АҚШ пен одақтастары Мәскеудің бұл әрекетімен «күреседі» деп мәлімдеді.

Ресейге қосылу туралы референдум 23-27 қыркүйек аралығында ДХР мен ЛХР-да өтеді. Дәл осы күні Запорожье және Херсон облыстарында дауыс беру өтеді.

Добавить комментарий