Қадыров Ресейде президент сайлауын «уақытша» өткізбеуді ұсынды
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Ресейдегі президент сайлауын «уақытша» өткізбеуді ұсынып, Владимир Путинге адалдығын көрсетті. Ол сенбі, 7 қазан күні Грозныйда Владимир Путиннің туған күніне арналған акция барысында осылай деп айтты. Бұл туралы жергілікті «Шешенстан» басылымы баяндады.
Қадыров: «Мен қазір «АӘО» жалғасып жатқан уақытта сайлауда бір ғана кандидат — Владимир Владимирович Путин болсын деп бірауыздан шешім қабылдауды ұсынамын. Немесе сайлауды уақытша өткізбеу керек».
Қадыров: «Мен қазір «АӘО» жалғасып жатқан уақытта сайлауда бір ғана кандидат — Владимир Владимирович Путинді бірауыздан қалдыруды ұсынамын. Немесе сайлауды уақытша өткізбеу керек».
Ол Ресей президенті лауазымында басқа лайықты үміткер жоқ екенін айтты.
Сондай-ақ Қадыров Ресейдің барлық проблемалары Еуропалық одақ пен НАТО-ның әрекеттерінен туындап отыр деп мәлімдеді.
Ресей заңнамасына сәйкес, президент сайлауы 2024 жылғы 17 наурызда өтуі керек. Нақты өткізілетін күні туралы түпкілікті шешімді РФ Федерация Кеңесі дауыс беру күніне дейін 100 күн бұрын (2023 жылғы 8 желтоқсан) және 90 күннен кешіктірмей (2023 жылғы 18 желтоқсан) қабылдайды.