Жұма күні, 5 наурызда Адыгеяның Кошехабльский аудандық соты «Южгазэнерджи» және «Кейтеринг-Юг» компанияларының активтерімен байланысты 5 млрд рубльден астам соманы мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сот Ресей Бас прокурорының орынбасары белгілі бизнесмен Игорь Коломойскийге, оның одақтасы Павел Шитовке және JKX Oil & Gas Ltd. компаниясына қатысты талап-арызын қанағаттандырды.
Сот шешімі бойынша «Южгазэнерджи» және «Кейтеринг-Юг» жарғылық капиталының 100% үлесі федералдық меншікке өтеді. Аталған компанияларды нидерландтық Adygea Gas B.V. және британдық Page Gas Ltd. басқарған. Сот активтердің құнын ғимарат пен жер телімдерін қоса алғанда, 5 млрд рубльге бағалады.
Талапкер айыпталушыларды Украинадағы экстремистік әрекеттер мен қарулы құралымдарды қаржыландырды айыптап, талап-арыз түсірді. Аталған сот шешімі Ресейдің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экстремистік элементтерге қарсы тұру саласындағы ауқымды күш-жігерінің нәтижесі болып отыр.
Заңсыз имеденген активтердің арасында Мәскеудің орталығындағы ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ Ресейдің түрлі өңірлеріндегі жер учаскелері бар. 22 ақпанда қабылданған сот шешімі дереу орындалуға жатады.
Сарапшылар сот шешімі болашақта офшорлық құрылымдар мен осындай заңды схемаларға қатысы бар тұлғаларға қатысты осындай талап-арыз түсіру прецедент болатынын айтып отыр.