Адам саудасы үшін халықаралық іздеу жарияланған өзбекстандық азамат Қазақстанда ұсталды.
«Stop трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат 2014 жылы Өзбекстаннан алты отандасын алып кетіп, оларға Қазақстанда жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген. Алматыға келген соң отандастарының төлқұжатын тартып алып, басқа біреуге берген. Олар жеті ай бойы адам төзгісіз ауыр жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болды. 2015 жылы адам саудасы үшін Өзбекстан Республикасында бес жылға бас бостандығынан айырылды.
2019 жылы сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ауыстырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам Қазақстан аумағында жасырынған. Өзбекстан тарапы оған іздеу жариялады.
Қазіргі уақытта сот шешімімен ер адам қамауға алынды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.