Адам өлтірді деген күдікке ілінген мұғалім әлі күнге дейін жұмыстан шеттетілмеген.
Атырау облысы Таңдай ауылының тұрғындары туысқанын өлтіріп, денесін жасырған мұғалімді жұмыстан аластатуды сұрады.
Ауыл тұрғындары полиция бұл істі тергей бастағанға дейін адамдар әйелдің үстінен және оның үйінің маңынан жағымсыз иіс шығып тұратынын байқағанын.
«Ол осы ауылда туып-өскен, анасы да мұңалім болған, оның мұндай қадамға баруына нетүрткі болғанын білмеймін. Біз балаларымызды ағасының денесін бөлшектеп, жасырған адам емес, лайықты мамандар оқытуын талап етеміз. Мектептен шығып, ауылдан кетсе жақсы болар еді», — дейді Жолдас Бейсекенұлы.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары бұл мәселемен ұзақ уақыт күрескенін және мұғалім тарапынан қоқан-лоқы көргенін айтты.
«Ол менің енеме қоңырау шалып, менен кек алатынын айтып сес көрсеткен. Мен кәсіпкермін және ол кәсібімнің күл-талқанын шығарамын деп енеме қоқан-лоқы көрсеткен. Ол мені жала жапты деп айыптап, отбасымызға іріткі салды, ал өзі әлеуметтік қызмет қызметкерлері мен құқық қорғау органдарына өтірік айтты. Атасының қайда екенін сұрағанда «үйде жатыр» деп жауап берген. Бізде ата-ана ретінде осындай маңызды мамандыққа лайықты емес мұғалімді жұмыстан аластатуға талап ете алатын құқығымыз бар», — дейді Таңдай тұрғыны.
Алайда мектеп директоры бұл заңға қайшы екенін айтып, оны жұмыстан шығара алмайтынын мәлімдеді.
«Ата-аналар оны жұмыстан шығаруды талап етіп отыр, ал мектеп ұжымының пікірі екіге жарылды. Кейбір ұстаздар оның мұндай қадамға баруы мүмкін емес деп есептесе, басқалары ата-анарға қосылады. Біз оны барынша қолдауға тырысамыз. Ал оқушылардың ата-аналары оның әлі де жұмыстан қуылмағанына шағымданады, ал мен оны жұмыстан шығара алмаймын, өйткені бұл заңға қайшы келеді. Прокуратурада оны жұмысқа алу керек екенін айтты», — деді директор Серік Қойбақов.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында туысын өлтіріп, мәйітін жасырды деген күдікке ілінген мұғалім туралы хабарланған болатын.