Абайлаңыз, жалған ақпарат! Цойдың COVID-19-ға қарсы вакцина туралы мәлімдемесі

«Стоп Фейк» әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралып жатқан «Спутник V» вакцинасы туралы ақпарат жалған екенін хабарлайды. Министрдің былтырғы сөзінен алынған үзіндісін ресейлік вакцинаның беделін түсіру үшін пайдалануда.

Естеріңізге сала кетейік! TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысқан брифингтен үзінділер ұсынылған видео таралуда. Ол кадрда COVID-19 қарсы вакцина зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз екенін айтады. Контекстен қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқан «Спутник-V» препараты туралы айтылып отыр деуге болады.

Stop Fake ролик авторларын әшкерелеп, бұл манипуляция екенін хабарлады.

Таратылып жатқан роликте көрсетілген брифинг өткен жылы 1 қазанда өткен. Ол кезде министрге қазақстандық Qazvac вакцинасының клиникалық сынақтары және оған жеке өзі қатысқандығы туралы сұрақ қойылған болатын.

«Денсаулық сақтау министрлігі бұл фрагмент Денсаулық сақтау министрі журналистің сұрағына толыққанды жауап берген брифингтің видеосынан үзіп алынғанын хабарлайды. Онда қазақстандық вакцина туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрінің брифингте берген толық жауабында қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың барлық кезеңдерінен, тіркеуден, қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі тиіс, тек осыдан кейін ғана ол Қазақстанда жаппай қолдануға жіберіледі делінген», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі бүгінде барлық ниет білдіргендерге жаппай салынып жатқан «Спутник-V» вакцинасы туралы айтпаған. Оның сөздері отандық Qazvac препаратын әзірлеуге қатысты болды. Қазіргі кезде вакцина клиникалық зертетулер сатысында.

Добавить комментарий