Қазақстандық газеттердің бірінің веб-сайтының жетекшісі Абай Отар іс-шара туралы, сондай-ақ оның азаматтық қоғам мен жалпы Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы пікірімен бөлісті. Сарапшының пікірінше, халықтар арасындағы рухани ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.
«Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) бейресми саммитінің маңызы зор екенін атап өткен жөн. Форум барысында бірқатар өзекті мәселелерге назар аударылды. Олардың ішінде мен екі мәселені атап өткім келеді. Біріншісі — экономикалық ынтымақтастық тереңдету. Мысалы, пандемия кезінде Қазақстан мен түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда айналымы шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 11,2%-ға төмен екенін атап өтті», — деді Абай Отар.
Осыған байланысты, оның айтуынша, Мемлекет басшысы Түркістан өңірінде бірлескен арнайы экономикалық аймақ құруды ұсынды. Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құруды ұсынды.
«Бұл экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Бүгінгі таңда мұндай даму банктері әлемнің түкпір-түкпірінде жемісті жұмыс отырғаны белгілі. Жақында Еуропалық инвестиция банкінің президенті Вернер Хойер Еуропа даму банкін құруды ұсынды. Мұндай бастама ынтымақтастықты арттыратыны анық. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақты құру өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады», — деп толықтырды А.Отар.
Сарапшы саммит барысында халықтарымыз арасындағы рухани қарым-қатынасты дамытуға үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті.