Ақтау: Ауруханалардың бірінде науқас терезеден құлап кетті

Маңғыстау облыстық ауруханасында төтенше жағдай орын алды: ер адам бөлімшенің есігін сындырып, екінші қабаттан жерге секірген .

Оқиға 10 наурыз таңғы сағат 07:00-де болған. Дәрігерлердің айтуынша, бұған алкогольдік интоксикациядан туындаған галлюцинациядан себеп болуы мүмкін.

Ер адамға шынтағына ота жасалуы қажет болған. Ауруханадағылар хабарлағандай, науқас шынтақ буынының шығуымен және медициналық мекемеге жүгінуден үш күн бұрын алған жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

Зардап шегушінің жағдайы тұрақты ауыр. Ер адам құлаған кезде оң жамбасын сындырған, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Құзырлы орган аталған дерек бойынша тергеу жүргізуде.

Добавить комментарий