Ақтауда кеден бекеті басшысының орынбасары тұтқындалды

«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Оны тәртіп сақшылары ұстады.

Бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты істі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жүргізеді, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 366-бабы — «Бір топ адамдармен алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет пара алу» бойынша басталды.

Декларанттардың кеден өкілдерінен пара алған. Параның нақты сома айтылмады. Негізгі айыпталушы екі айға қамауға алынды.

Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. Сот 10 қыркүйекте оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Қазіргі уақытта тергеу органы істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

 

Добавить комментарий