Қаңтар оқиғасынан кейін 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер қаңтар айындағы оқиғалардан кейін жансақтау бөліміне түскен 14 адамды аман алып қалу үшін күресіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Оның айтуынша, жалпы 2739 адам медициналық көмекке жүгінген, қазіргі таңда стационарлық емді 200 адам алуда.

«Жансақтау бөлімінде 14 науқас ауыр халде жатыр, оның төртеуі Алматыда, біреуі Алматы облысында, бесеуі Қызылорда облысында. Медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болды, жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі науқасттың жағдайы соңғы үш күнде нашарлап, олар да көз жұмды», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде митингке қатысқан бір жүкті әйел зардап шеккен. Ол Талғар орталық ауруханасына түсті, қазір оның жағдайы тұрақты.

Добавить комментарий