Ақтөбедегі жаға ұстатарлық қылмыс: қос кісіні өлтірген күдікті өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде әйел мен оның ұлын өлтірген күдікті тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады.

Ақтөбедегі қос кісінің өлімі: Күдікті өзіне қол жұмсады

35 жастағы әйел мен оның 16 жасар ұлын аяусыз өлтірген күдікті Ақтөбе қалалық тергеу изоляторының дәретханасында асылып қалған.

Аталған жаға ұстатарлық қылмыс 29 наурызда Жеңіс даңғылындағы пәтерде орын алған. Қылмыс салдарынан әйел мен оның ұлы қаза тапты, қаза тапқан әйелдің қызы ауыр жарақат алды. Күдікті 10 сәуірде қамауға алынды, алайда ол тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады. ҚР ҚК 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий