Шымкент: Жатақханада соққыға жығылған студент қайтыс болды

Шымкенттегі жатақханалардың бірінен шақырnуға келген жедел жәрдем дәрігерлері жас жігіттің көз жұмғанын анықтады.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған.

Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді», — делінген хабарламада.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Добавить комментарий