Ақтөбе облысының ТЖД қызметі газ баллоны жарылып, нәтижесінде бала қаза болды деп мәлімдеді.
«24 ақпан күні сағат 23:51-де Ақтөбе облысы ТЖД кезекшілік қызметіне Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Заводская көшесіндегі бір қабатты үйде газ баллоны жарылып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті», — делінген хабарламада.
Өрт 80 шаршы метр жерді шарпыды. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады.
Өрт болған жерде 2010 жылы туған баланың денесі табылды. 1968 және 1998 жылдары туған тағы екі адам түрлі дәрежедегі күйік алды. Оларды аудандық ауруханаға жеткізді.
Қызыл жалын өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел комиссия құрылды.