Ақтөбе облысында қауіпті инфекция салдарынан мал қырылып жатыр. Бұл туралы Бестамақ ауылының тұрғындары айтты.
Олардың айтуынша, індетке сиырлар . Жануарлар жем жемей және көп салмақ жоғалтады.
«Малдардың ауыздарынан сілекей ағып, жаралар пайда болады, содан кейін қан кетеді. Ірі қара малда әлсіздік бар. Ауруды малдар тез жұқтырады. Инфекция тамақтанғанда шөпте қалады, ал басқа сиыр сол шөпті жегеде жұғады», — дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Балжан Жақсылықова.
Тұрғындары мал арасында қауіпті аусыл дерті тарады ма деп алаңдаулы. Ауыл тұрғындары бұл ауру адамға жұғуі мүмкін екенін айтып отыр. Оның салдары қайғылы аяқталуы мүмкін.
«Әрине, бұл індеп аусыл деп қорқамыз. Алдымен сиырларым дертке шалдықты. Олар жем жемей, су ішуден қалған. Шамамен бір апта болды осылай жүргеніне. Өз бетімше ем-домым жасап көрдік. Бұл індеттен сиырлармен қатар қойлар да ауырып қалды. Олардың алдыңғы екі аяғы бүктеліп қалды», — дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Ахмадин Мұқашов.
Алайда, мамандардың мәліметінше, малдан қауіпті ринотрахеит инфекциясы табылды. Ветдәрігерлер ауруға шалдыққан малдарға шұғыл түрде вакцина салдыра бастады. Ауруға шалдыққан сиырлар мен қойларды қорада бөлек ұстап, ауыл тұрғындарынан екі апта бойы оларды ешқайда шығармауды сұрайды. Ал басқаларынан жануарда аурудың алғашқы белгісі байқалғанда мамандарды шақыруға кеңес берді.
Шенеуніктердің айтуынша, тек Алға ауданында қараша айының басынан бері осы инфекциядан жеті сиыр қырылды. Жалпы, үш ауылда 60 бас ірі қар мал және ұсақ мал ринотрахеитке шалдықты.
Хабарланғандай, басқа елді мекендерде жағдай тұрақты.