A-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы тас жолының 79 шақырымында Табантал көпіріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты ашылған айналма жолды су шайып кетті, көлік қозғалысына тыйым салынды.
Бұл туралы Қазавтожолдың баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 3 сәуірде 17:30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) республикалық маңызы бар A-27 «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» тас жолының 79 шақырымы (Табантал көпіріндегі жөндеу жұмыстары болып жатқан учаске) айналма жолды су шайып кетті. Айта кетейік, тұрғызылып жатқан көпірдің тіректері зақымдалмаған.
Осылайша, Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейін барлық автокөлік түрлері үшін 46 км 90 шақырым аралығында көлік қозғалысы шектелді. Қар суының ағысы қатты болғанына байланысты инертті материалдар және еріген қар суын тоқтатуға арналған құм салынған мөшектер тиімсіз болып отыр. Осылайша, қазір мердігерлік ұйым қар суын ағызу үшін қосымша канал қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталгға жол учаскесі қалпына келтіргеннен кейін ғана көлік қозғалысы ашылады. Жағдай «ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ Ақтөбе ҚҚ бақылауында», — делінген хабарламада.