Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларын сатуды тоқтатқаны белгілі болды.
Қазақстандық ақша айырбастау пункттері АҚШ долларын сату операцияларын тоқтатты. Бұл жоғары сұраныстың артуына және бағамның қымбаттауына байланысты.
Ақша айырбастау пункттері қауымдастығы Ұлттық банк жағдайға араласпайтынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде елорда мен Алматының ақша айырбастау пункттері доллар мен еуроны сатуды тоқтатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осы жағдайға байланысты Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев түсніктеме берді.
«Көптеген ақша айырбастау пунктерінде сауда жасауға мүмкіндік бар, дегенмен олар бағамның қандай деңгейде тоқтайтынын түсінбей тұр. Сағат 11:30-да Қазақстан қор биржасы ашылғалы бері бірде-бір бағалы ұсыныс болған жоқ. Барлығы сұраныс бағасымен, яғни сатып алу үшін келеді, әзірге заңды тұлғалардың ешқайсысы валютаны сатқан емес», — деп атап өтті қауымдастық басшысы. Сонымен қатар, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 442 теңгеден 459 теңгеге дейін төмендегеніне қарамастан, биржада 16,6 млн доллардың валюталық мәмілесі жасалды.
«Банктер айырбастау пункттеріне жаппай сауданы жүргізбейді. Сол себепті айырбастау пункттерінде долларды қанша сатарын білмей отыр. Егер айырбастау пунктінде валюта болса, олар бұл долларды сатуға міндетті және олар солай жасайды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда жағдай бірдей, көптеген айырбастау пунктінде ақша бар», — деді Ғалымбаев.
Ол Ұлттық банк биржадағы сауда-саттыққа белсенді араласпайды деп болжам жасады. Ал Алматыда доллар 466 теңгеден, еуро — 520 теңгеден сатыла бастады.