АҚШ Қытайға антиресейлік санкцияларды сақтамаса қатаң шаралар қабылдайтынын ескертті

АҚШ егер Қытай антиресейлік санкцияларды сақтамаса оларға қарсы қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді

Америкалық сауда министрі Джин Раймондоның айтуынша, олай болған жағдайда Вашингтон өндіріске қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге тыйым салады

Қытайлық компаниялар антиресейлік санкцияларды сақтамаған жағдайда АҚШ қатаң шаралар қабылдайды. Бұл туралы сейсенбі күні The New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ сауда министрі Джина Раймондо мәлімдеді.

Олай болған жағдайда АҚШ Қытайда өнім өндіру үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге тыйым салады, — деді ол.

«[Ресей], әрине, біз салған санкциялар мен экспортты бақылаудан құтылу үшін басқа елдермен қоян-қолтық араласа бастайды», — деп мәлімдеді Раймондо. Бірақ егер АҚШ Шанхайдағы жартылай өткізгіш өндіруші SMIC сияқты корпорация Ресейге жеткізуді жүзеге асыратынын білсе, онда «жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға жол бермейді», — деп атап өтті сауда министрі. «Бұл Қытайға осы чиптерді өндіруіне ауыр соққы болып тиеді», — деп қорқытты Раймондо.

Добавить комментарий