Колумбияда ИГИЛ-ге қатысы бар ресейлік азамат ұсталды

Колумбияда лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Әли Әли есімді ресейлік азамат ұсталды.

«Ел билігі «Ислам мемлекеті» (ҚР-да тыйым салынған — ред.) террористік үйымының мүшесі деп таныған Әли Әли деген атпен танымал Ресей азаматы Владимир Таранец Боготадағы Эль-Дорадо әуежайында ұсталды», — деп хабарлады колумбиялық полиция басшысы Хорхе Варгас «Твиттердегі» парақшасында.

Варгастың айтуынша, Ресей азамат 2013 жылы ИМ қатарында Сириядағы соғысқа қатысты деген айыппен халықаралық іздеу жариялаған. Колумбия полиция басшысының айтуынша, Таранец Боготаға Түркиядан ұшып келіп, Гватемалаға бармақшы болған.

Варгас Колумбия билігі экстрадициялау процесін бастау үшін ресейлік құқық қорғау органдарымен байланысқанын айтты.

Добавить комментарий