АҚШ Варшаваға құны $15 млрд болатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сатуға дайын

Америка Құрама Штаттары Польшаға әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғанысты басқарудың интеграцияланған жүйесін $15 миллиард сомаға сатуды мақұлдады. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Негізгі мердігерлер тізімінде Raytheon және Lockheed Martin компаниялары бар.

Мемлекеттік департамент ықтимал келісім АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы ретінде Польшаның қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Осылайша, келісім Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сыртқы саяси мақсаттар мен міндеттерге сай келеді.

Добавить комментарий