АҚШ Украина жетістікке жететініне сенімді

АҚШ президенті әкімшілігінің ресми өкілі, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан Украина жетістікке жететініне және стратегиялық маңызды аумақтарды қайтара алатынына сенім білдірді.

Салливан CNN телеарнасына берген сұхбатында Украинаның алдағы қарымта шабуыл операциясына қатысты оң болжамдарын айтты.

Ол Украина «стратегиялық маңызы бар аумақты» қайтара алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Байденнің кеңесшісі жаулап алынған қанша аумақ қайтарылатыны қарымта шабуыл кезінде жергілікті жерлердегі жағдайдың дамуына байланысты екенін атап өтті. Алайда ол Украина жүргізетін операциясында табысқа жететініне сенім білдірді.

Салливан сондай-ақ Украинадағы ұрыс алаңындағы қалыптасатын жағдай Украина мен Ресей арасындағы алдағы келіссөздерге айтарлықтай әсер ететінін және президент Владимир Зеленский қақтығыстың дипломатиялық жолмен аяқталатынына сенім білдіргенін атап өтті.

Бұған дейін Құрама Штаттар өз одақтастарымен бірге Украинаға қарымта шабуылға шығу үшін қажетті әскери көмек көрсетіп жатқаны хабарланған болатын. Мамыр айының ортасында БАҚ беттерінде украин әскері Ресей армиясына қарсы шабуылдау операциясына дайындық жұмыстары басталғаны туралы хабарланған болатын.

Добавить комментарий