АҚШ-тың батыс штаттарында рекордтық суық тіркелді

АҚШ-тың батыс штаттарында ауа температурасы ​рекордтық деңгейге төмендеді.

Метеорологтардың болжамынша, арктикалық суық бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды The Guardian.

АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі Сиэтлде ауа температурасы жексенбі күні −6,7 °C минимум деңгейге төмендейді, нәтижесінде 1948 жылы орнатылған рекорд жаңарды хабарлады. Беллингемде термометр бағаны −12,8 °C дейін төмендеді, бұл 1971 жылы тіркелген рекордтан үш градусқа төмен.

Бұдан бөлек, Сиэтл ауданында жексенбі күні 15 см дейін қар жауды.

Орегон штатының билігі суық ауа райына байланысты төтенше жағдай жариялады. Малтнома округінде жылыту пункттері ашылды. Сиэтлде де жылыту пункттері ұйымдастырылды.

Қысқы ауа райы Сиэтл, Миннеаполис, Солт-Лейк-Сити және басқа да өңірлерде рейстің тоқтатылуына алып келді.

Калифорния мен Неваданың солтүстік бөлігіндегі тауларда боран салдарынан басты автомагистральдар жабылды, ал метеорологтар Сьерра-Невадада саяхаттау бірнеше күн қиындық туғызуы мүмкін деп ескертті.

Добавить комментарий