Қазақстанның алты облысында шаңды дауыл тұрады

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның алты облысында шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 13 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді деп отыр.

Петропавлда шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде күн күркіреп, тұман түседі. Облыстың шығысынан, солтүстік-шығысынан, оңтүстік-шығысынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Оралда шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында, күндіз шығыста найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 29 м/с жетеді.

Талдықорғанда түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Добавить комментарий