АҚШ-та Ильяс Храпуновқа 221 мың доллар көлемінде айыппұл салынды

Нью-Йорк соты Ильяс Храпуновқа 221 мың доллар көлемінде айыппұл салды.

АҚШ-тың Нью-Йорктің Оңтүстік округінің аудандық соты 2022 жылдың 4 мамырында Ильяс Храпуновқа сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзғаны, дәлелдемелерді жойғаны және сотқа жалған жауап бергені үшін 221 285,31 доллар көлемінде санкциялар салды, айыппұл 30 күн ішінде жасалуы керек, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

АҚШ соты БТА Банкі мен Алматы қаласы әкімдігінің талап-арызы бойынша сот отырысын тоқтатпады. Осыған ұқсас теріс қылықтар үшін Храпуновтың бірлескен жауапкері Мұхтар Әблязовқа бұрын 140 115,60 АҚШ доллары мөлшерінде санкция салынған болатын.

«Бұл Нью-Йорк сотының Храпуновқа ақшалай санкциялар салуының екінші кезі, біріншісі – интернет арқылы құпия айғақтар жария етілгеннен кейін салынған еді. Сонымен қатар сот жауапкерлердің сот процесін бұзғандығын кем дегенде алтыншы рет растауы болып табылады», — деді Әділет министрлігі.

Сот БТА Банкінің және Алматы қаласы әкімдігінің Аблязовқа, Храпуновқа және Triadou SPV S.A. жалған компаниясының АҚШ-та ондаған миллион АҚШ долларын жылыстатқаны үшін қойған талаптары үшін үлкен маңызы бар дәлелдемелерді табуына Аблязовтың, Виктор және Ильяс Храпуновтардың кедергі келтіргенін анықтаған.

Алматы қаласы мен БТА Банкінің атынан Нью-Йорк процесі Мұхтар Аблязовтың және оның қылмыстық сыбайластарының ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатқаны үшін айыптауы бойынша алты жылдан астам уақыт бұрын басталған болатын. Негізгі сот процесінің басталуы 2022 жылдың күзінде Нью-Йоркте американдық алқабилер сотының алдында өтеді деп жоспарланған.

Добавить комментарий