CNN-ден алынған ақпарат бойынша, 2023 жылғы 5 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттен округтік прокурорының кеңсесінде қамауға алынды.
Тұтқындалғаннан кейін Трамп өзіне айып тағылғанға дейін полицияда қамауда болады. Оның саусақ іздері алынып, сот залына жеткізіледі деп болжануда. Бұл оқиға АҚШ тарихындағы сюрреалистік және тарихи сәт болмақ, деп жазады CNN.
Трамптың адвокаттарының бірі Крис Кисенің айтуынша, бұрынғы президент өзіне қарсы айып тағылғаннан кейін сөз сөйлейді деп күтілуде.
Сотта сөз сөйлегеннен кейін Дональд Трамп Флоридаға қайта ұшып кетеді деп жоспарлануда.
Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Дональд Трамп порноактриса Сторми Дэниелске қарым-қатынаста болғаны туралы тіс жармауы үшін ақша төледі деген күдікке, сондай-ақ қаржылық құжаттарды бұрмалады және тағы басқа ондаған айып тағылады.