АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Түркияның делдалдығымен Ресей мен Украинаның байланыстарынан серпіліс болмайды деп мәлімдеді.
Джулианн Смиттің айтуынша, Украина тарапымен байланыстың алдыңғы кезеңінде «Ресей максималистік ұстанымда болды»
АҚШ қазіргі кезеңде Түркияның делдалдығымен Ресей-Украина байланыстарынан дипломатиялық серпілістер күтпейді. Бұл туралы сәрсенбі күні вашингтондық Әскери шолушылар тобымен (Defense Writers Group) өткен кездесуде АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Джулианн Смит мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украина тарапымен байланыстың алдыңғы кезеңінде «Ресей максималистік ұстанымда болып, бұл келіссөздерге мүлдем мән бермегендей әсер қалдырған». «Сондықтан осы себептен біз осы уақытқа дейін орын алған күш-жігерге көңіліміз толмады деп ойлаймын. Не дегенмен, [Түркия президенті Тайып] Ердоған тараптарды үстел басына отырғызуы, сол кездегі сындарлы қадам ретінде қарастырылды. Алайда, Ресей тарапының осы келіссөздердегі мінез-құлқын ескере отырып, біз қазіргі кезеңде бұл ауыз толтырып айтарлықтай серпіліске алып келетініне күмәнмен қараймыз деп ойлаймын», — деп мәлімдеді Смит.
Оның айтуынша, Вашингтон «дипломатиялық серпіліс орын алатынына және [Ресей президенті] Владимир Путин қалыптасқан жағдайдан шығудың қандай да бір тәсілін пайдаланатынына үміттенеді».
Бұған дейін Ердоғанның кеңсесі дүйсенбі күні Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен болатын. Анкарада мәлімдегендей, Ердоған Стамбулда БҰҰ-ның қатысуымен Ресей мен Украина өкілдерінің кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Сейсенбі күні Түркияның СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Анадолу агенттігіне берген сұхбатында Зеленский Ердоғанға Путинмен кездесуге ниетті екенін айтты.