Иран ядролық келісім бойынша келіссөздерді жалғастыру шарттарын атады

Иран Сыртқы істер министрлігі ядролық келісім бойынша ресми ұстанымын жариялады.

Ведомствода атап өткендей, Тегеран келіссөздер сындарлы болған жағдайда ғана жалғастырады

Тегеран ядролық келісім бойынша келіссөздерді сындарлы сипатта болса ғана жалғастырады. Бейсенбі күні Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи мәлімдегендей, олай болмаған жағдайда ел делегациясы келіссөздерді тоқтатуға дайын.

«Егер келіссөздер біз күткендей сындарлы сипатта болса, біздің тарап одан әрі жалғастырады. Егер олай болмаса, біз келіссөздерді тоқтатамыз «, — деп келтіреді оның сөзін ел үкіметінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий