Сауда орталығына баруға болмайды, ал Үндістанға болады: шекара неге ашық

Неге ковид жағдай қолайсыз елдермен шекаралар жабылмады? Мәселен, Үндістанмен. Елімізде бірқатар ұйымдардың жұмысы шектеліп, азаматтардың конституциялық құқықтары электронды жүйелермен бұзылып жатыр, ал Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер коронавирустың ауыр штаммымен ауырып, тәулігіне ауруға шалдыққандар саны 397 мыңнан асып жатқан Үндістанға ұшудан бас тартуды сұрайды?

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады:

«Құрметті отандастар, жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге демалуға немесе басқа істермен баратындардың барлығына жүгінгім келеді. Мен коронавирустық инфекция кең таралған мемлекеттерге барудан бас тартуды сұраймын. Қазіргі таңда олар Үндістан, Түркия, Еуропаның, Латын Америкасының, Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдері»».

Ол атап өткендей, “коронавирустық инфекцияның жаңа штамдары тез дамып, таралуы қоғамға және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне өте қауіпті”.

«Демалысты кейінге қалдырыңыз, өйткені бұл өзіңіздің денсаулығыңыз ғана емес, жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы үшін маңызды», — деп түйіндеді сөзін санитарлық дәрігер.

Добавить комментарий