АҚШ президенті Джозеф Байден коронавирустық инфекцияға шалдықты.
Оның COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсеткені хабарланды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметінің ресми өкілі Карин Жан-Пьер хабарлады.
Ол президенттің жағдайы тұрақты екенін, коронавирустың белгілері бірқалыпты екенін атап өтті. Байден COVID-19-ға тапсырған тест нәтижесі теріс болғанға дейін Ақ үйде қашықтықтан жұмыс істейді.
Байден толық вакциналанған және бұған дейін екі «бустерлік» екпе жасатқан. Жан-Пьер президенттің коронавирустық инфекцияны қай жерде жұқтыруы мүмкін екенін айтпады.
Бұдан бұрын Байден климаттық өзгерістерден туындаған дағдарыстың салдарымен күресуге арналған кездесу барысында өзінің онкологиялық ауруы туралы айтты. Ол Клеймонт қаласында (Делавэр штаты) тұрғанын, оның жанында көптеген мұнай өңдеу зауыттары болғанын түсіндірді. «Міне, сол себепті мен және басқа да көптеген адамдар қатерлі ісікпен ауырады. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы Делавэрде елдегі қатерлі ісік ауруының ең жоғары деңгейі болды», — деді ол.