Атырау: Қала карантинге жабылады ма, жоқ па

Атырау әкімдігі қаланың карантинге жабылатыны туралы ақпараттың жалған екені айтты.

Әлеуметтік желілерде 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылатыны туралы хабарлама таралып жатыр.

Атырау облысының әкімдігі локдаун болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әкімдіктегілер атап өткендей, «бұл ақпарат негізсіз».

«Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулыда Атырау облысы толықтай карантинге жабу туралы мәлімет көрсетілмеген», — деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Добавить комментарий