Джозеф Байден Ресейдің басып кіру қаупіне байланысты ел азаматтары Украина аумағынан кеткені жөн деп есептейді.
«Елден кеткен жөн деп есептеймін — мен америкалық азаматтарға қатысты айтып отырмын. Мен дипломаттар туралы айтып отырған жоқпын. Егер Ресей басып кіретін болса, олардың соғыс ошағында қалып қойғанын қаламаймын. Егер мен олардың орнында болсам, ол жақта танысым болғанда, «Елге қайт» деп айтар едім «, — деп атап өтті Байден Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
АҚШ Президенті Владимир Путиннің шабуыл жасау туралы қандай шешім қабылдағанын білмейді, бірақ Ресей шабуыл жасауы мүмкін деп есептейді.
«Мен президент Путинмен телефон арқылы сөйлескенде және жүзбе-жүз кездескенде ашық әрі тіке қарап сөйлестім. Біз бұрын-соңды қолданылған ең қатал санкцияны, экономикалық санкция саламыз. Олар осы үшін болашақта жауап береді», — деп атап өтті Байден.
Бұған дейін Мемлекеттік департамент Киевтегі елшілік қызметкерлерінің бір бөлігін Украинадан өз еркімен кетуге рұқсат беріп, олардың отбасыларын елден кетуге міндеттеген болатын. Америкалықтарға Украинадан кетіп, Ресейге бармауды сұрады.