АҚШ пен Еуропа арасында Украинаға ұзақмерзімді әскери қолдау көрсету мәселесі келісілуде: The Wall Street Journal
Құрама Штаттар мен еуропалық одақтастар Ресейдің әскери қысымына қарсы тұру үшін біріккен елдердің кең коалициясының бір бөлігі ретінде Украинаға ұзақмерзімді әскери көмек жоспарын белсенді түрде әзірлеп жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты — Ресей күштерінің соғыс алаңындағы ықтимал жетістіктерінің алдын алу және Кремльге Киевтің Батыс тарапынан қолдауы тоқтап қалмайтынын көрсету.
Ақпараттық материал бұл қадамдар шілде айында Литвада өткен НАТО саммитінде қабылданған міндеттемелерге негізделгенін атап көрсетеді.
Айта кету керек, АҚШ қана емес, Нидерланд пен Швеция және 18-ге жуық мүше мемлекет Украинаға ұзақмерзімді әскери көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өңірдің егемендігі мен тұрақтылығын қолдау мақсатында кең ауқымды халықаралық коалиция құрылғанын көрсетеді.
Еске сала кетейік, 12 шілде күні G7 көшбасшылары Украинаны қолдау туралы декларацияны мақұлдаған болатын. G7-ге мүше әрбір ел Украинамен ұзақмерзімді қауіпсіздік шаралары бойынша жұмыс істеуге міндеттеніп, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа жәрдемдесудегі бірліктің маңыздылығын атап өтеді.