АҚШ: Мемлекеттік департамент дауыстарды санау әлі аяқталмағанын еске салды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майкл Помпео Джозеф Байденнің сайлаудағы жеңісімен құттықтауларға берген түсініктемесінде елдегі дауыстарды санау әлі аяқталмағанын еске салды.

АҚШ сыртқы саяси ведомствосы басқа елдердің басшыларына АҚШ президенті сайлауында дауыс санау әлі аяқталмағанын еске салады. Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Fox News эфирінде мәлімдеді.

«Оған демократ Джозеф Байденді жеңісімен құттықтап жатқан әлемдік көшбасшыларға не айтатыны туралы сұрақ қойылды. «Біз барлық дауыстар әлі есептелмегенін еске саламыз. Бізге барлық заңдық рәсімдердің толық сақталуын қамтамасыз ету қажет», — деп жауап берді Помпео.

«Сондай-ақ, мемлекеттік хатшыдан ол мұндай байланыстарды жарамды деп санайды ма деп сұрады. «Егер бұл жай ғана амандасу үшін қоңырау болса, онда қорқынышты ештеңе де жоқ. Бірақ бізде бір мезгілде бір ғана президент, бір мемлекеттік хатшы, ұлттық қауіпсіздікпен айналысатын бір топ қызметкер бар екенін ұмытпаңыздар», — деді ол.

Добавить комментарий