АҚШ Өкілдер палатасы РФ-дан шпион Уилонды босатуды талап етті

АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы Ресейге тыңшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған және мерзімін өтеп жатқан Пол Уиланды дереу бостандыққа шығаруға шақырды.

Тиісті қарар мақұлданды. Отырыстың трансляциясы заң шығарушы органның төменгі палатасының сайтында жүргізілді.

«Өкілдер палатасы Ресей Федерациясының үкіметін Пол Уиланды дереу қамаудан босатуға шақырады. Өкілдер палатасы Ресей Федерациясының үкіметін халықаралық шарттардың міндеттемелерін орындауға және Ресейде қамауда отырған Пол Уиланға шектеусіз консулдық қызмет көрсетуге шақырады», — делінген құжат мәтінінде.

Анықтама! Пол Уиланның АҚШ, Канада және Ирландия азаматтығы бар, сондай-ақ Ұлыбританияда тұруға ықтиярхаты бар. Оны 2018 жылы 28 желтоқсанда Ресейдің ФҚҚ қызметкерлері Мәскеудегі «Метрополь» қонақ үйінің бөлмесінде ұстады.

ФҚҚ тергеу басқармасы оған қатысты РФ ҚК 276-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мәскеу қалалық соты Уиланды кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Конгрестің әрбір палатасында жеке қабылданатын Өкілдер палатасы мен Сенат резолюциясының заңды күші болмайды, тек ұсынымдық сипатта болады. Осылайша заң шығарушылар қандай да бір мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіреді, ал биліктің атқарушы органы мұндай құжаттарды елемеуге құқылы.

Добавить комментарий