АҚШ ФРЖ базалық мөлшерлемені 5,25-5,5% деңгейінде қалдырды

АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) сәрсенбі күнгі отырысында Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералдық комитет (FOMC) жариялағандай, федералдық кредиттік қаражатқа пайыздық мөлшерлемесін (federal funds rate) жылдық 5,25-5,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешімді FOMC мүшелері бірауыздан қабылдады және көптеген сарапшылар мен экономистердің болжамымен сәйкес келді. Мөлшерлеме соңғы 22 жылдағы ең жоғары деңгейде қалып отыр.

Хабарламаға сәйкес, «соңғы деректер экономикалық белсенділіктің үшінші тоқсанда зор қарқынмен өскенін көрсетеді. Жұмыс орындары санының өсуі жыл басымен салыстырғанда бірқалыпты болды, бірақ артып жатыр, ал жұмыссыздық деңгейі төмен. Инфляция бұрынғысынша жоғары».

FOMC-тың қыркүйектегі мәлімдемесінде экономикалық белсенділіктің «тұрақты» қарқыны туралы айтылды. Дегенмен, ФРЖ инфляциялық тәуекелдерді жіті қадағалауда және үй шаруашылықтары мен бизнес үшін кредиттік және қаржылық жағдайларды қатаңдатудың салдары әлі анық емес екенін атап өтті.

Добавить комментарий