Шектеу алынып, квота белгіленді: Қазақстанда мал экспортына рұқсат етілді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37638-1662019506-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында малды экспорттауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Алайда, шектеудің орнына квоталар белгіленді.

Бұл туралы шешім 31 тамызда өткен отырыста қабылданды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Қошқар экспорттауға 60 мың бас (жалпы мал басының 9%-ы), сондай-ақ 120 мың бас тоқты (жалпы мал басының 10%-ы) мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды.

Аналық мал басын шығаруға толық тыйым салу күшінде қалады.

Статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, оның ішінде 4,5 млн сиыр, 3,2 млн төл бар.

2022 жылғы 21 қаңтар мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған болатын. Алдыңғы отырыстарда ВАК малды әкетуге толық тыйым салуды ұзартуды шешті. Тамыз айының соңында осы шешімді орындау үшін ауыл шаруашылығы министрі мен қаржы министрінің бірлескен бұйрығы шықты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ВАК отырысында толық тыйым салудың орнына малды әкетуге шектеу енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ, ВАК-та 31 тамызда мерзімінен бұрын 10 қыркүйектен бастап бидай мен ұн экспортына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды.

Добавить комментарий