АҚШ Ердоғанды РФ-ға қарсы санкцияларды сақтауға шақырды

Вашингтон Түркия билігін Ресей Федерациясына қарсы батыс елдері салған санкцияларды сақтауға шақырды.

Түркияда ресейлік газға арналған хаб құру туралы ақпарат таралуына байланысты АҚШ Анкара өкілдерімен ел басшылығының Ресейге қатысты санкцияларды сақтау жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап жазды.

«АҚШ-тың ресми тұлғалары Ресейге қарсы салынған экономикалық шектеу шараларының сақталуына қатысты түрік әріптестерімен келіссөздер жүргізді. Мұны Батыстың Анкараны Мәскеуге қатысты қатаң позицияға ұстануға мәжбүрлеуге бағытталған соңғы қадам десе болады», — делінген хабарламада.

«Түркия Путиннің маңызды серіктесі болуда, себебі санкциялар Мәскеудің Еуропадағы экономикалық әрекеттеріне шектеу қоюда. Ал келесі жылы сайлауға түсетін Ердоған Ресей Түркияның проблемалық экономикасын қолдауға көмектеседі деп үмітті», — деп жазады Bloomberg.

 

Добавить комментарий