Ресеймен достық қатынас орнатпаған елдердің тізіміне 50 мемлекет енді

Ресей достық қатынас орнатпаған елдердің жаңа тізімін бекітті, оған 50 мемлекет енді.

Ресей Үкіметі достық қатынас орнатпаған елдердің тізімін жаңартты. Оған АҚШ, Украина, Еуроодақ елдері және Ұлыбритания, Канада, Жапония және Швейцария, сонымен қатар 19 мемлекет енді — барлығы 50 мемлекет.

Шешімге сәйкес, достық қатынас орнатпаған елдер тізіміндегі шетелдік несие берушілер алдында қарызы бар ресейлік компаниялар мен азаматтар оларға рубльмен қайтара алады.

Шетелдік инвестициялардың жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі арнайы комиссия достық қатынас орнатпаған елдердің компанияларымен барлық мәмілелерді мақұлдайды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұған дейін достық қатынас орнатпаған елдердің тізіміне тек АҚШ пен Чехия ғана болған. Тізім былтыр мамыр айында құрылған.

«Достық қатынас орнатпаған ел» деген термин алғаш рет Ресей заңнамасында былтыр сәуір айында пайда болды. Сол кезде президент Владимир Путин Ресей аумағында басқа елдердің азаматтарын дипломатиялық өкілдікке жұмысқа алуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

Добавить комментарий