АҚШ америкалық әскерге көмектескені үшін Ауғанстан аумағында өміріне қауіп төніп тұрған ауғандықтарды Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағына орналастыруға ниетті екенін мәлімдеді.
АҚШ билігі АҚамерикалық әскерлері ел аумағынан шығарылғаннан кейін аталған адамдардың отанында қалуы қауіпті деп мәлімдеді.
Аталып өткендей, Вашингтон америкаық әскерлерді шығару аяқталғанға дейін ауған көмекшілерін Орталық Азияның үш еліне орналастырмақ.
Агенттіктің мәліметінше, АҚШ сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстандағы әріптестерімен Вашингтонға осы елдердің аумағында барлау операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін келісім жобасын талқылауда.
Бұған дейін New York Times газеті әкімшіліктегі дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ америкалық әскерлермен әріптестік орнатқан мыңдаған ауғандықтарды АҚШ әскерлері шығарылғаннан кейін талибандардан қорғау үшін басқа елдерге орналастыруға дайындалып жатқанын, алайда билік аталған адамдардың кейіннен американдық виза алатынына кепілдік бермейтінін хабарлаған болатын.
«Тек Талибан ғана емес (ҚР-да тыйым салынған), сонымен қатар ИГИЛ, Джебхат ан-Нусра, Өзбекстан Ислам қозғалысы (бұл ұйымдар РФ аумағында және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған) бар — олар әлі де белсенді. Оның үстіне, бұл ұйымдардың көбінің Ауғанстанда базасы бар. Сондықтан талибандар билікке келгеннен кейін террористер ОА елдерінің аумағына кіру үшін Ауғанстанның солтүстік аудандарын плацдарм ретінде пайдалануы мүмкін», — деп есептейді саясаттанушы Никита Мендкович. Егер оның тұжырымдары дәл келсе, онда американдық әскерге көмектескен ауғандықтарды Орта Азияда орналастыру Талибандардың американдық әскермен әріптестік орнатқан адамдарды қабылдаған елдерге шабуыл жасауға түрткі болуы мүмкін.
АҚШ әкімшілігі 1 мамырдан бастап 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерилерді одақтастарымен бірге толық шығаруға уәде берді. 2020 жылы Вашингтон мен «Талибан» қозғалысының өкілдері Дохада 18 жылға созылған соғыстан кейін бейбітшілік туралы алғашқы келісімге қол қойды. Ол шетелдік әскерлерді Ауғанстаннан 14 ай ішінде шығарып, тұтқындармен алмасқаннан кейін ауғанаралық диалог бастауды көздейді.
Жұма күні АҚШ пен коалиция әскерилері Ауғанстандағы ең ірі Баграм әуе базасын кетті, аталған жерге бақылау елдің қауіпсіздік күшіне өткені белгілі болды, деп хабарлады Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі Фавад Аман.
Баграм базасы Кабулдың солтүстігінде орналасқан. Оны 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы барысында кеңес әскерлері қолданған, 2001 жылы АҚШ Ауғанстанға басып кіргеннен кейін американдық күштердің негізгі базасына айналды.
Бірер күн бұрын АҚШ-тың Вашингтондағы мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен Ауғанстандағы ахуалды реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтонда өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша.
Блинкен бейсенбі күні Тәжікстанның СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылап, «Ауғанстандағы реттеу жұмыстары өңірдегі экономикалық өсім мен интеграцияға ықпал ететінімен келісті», деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Дональд Прайс келіссөздер қорытындысы бойынша.
Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камиловпен кездесу барысында Блинкен Ауғанстандағы бейбіт жолмен реттеуді, оның ішінде «Ауғанстанмен неғұрлым тығыз саяси және экономикалық өзара іс-қимылды» қолдағаны үшін әріптесіне алғыс білдірді.